«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылып, Жібек жолы ауылдық округінің облыстық маңызы бар Ұзынқарғалы тасжолының бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге бірнеше арнайы техника тартылып, жол жиегі қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру.
Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген жауапкершілік!

