Биыл ауданымыз бойынша 47 орта мектептің 1863 түлегі 11 сыныпты аяқтады. Барлық орта білім беру мекемелеріне ҚР Білім және ғылым Министрлігінің «Birgemiz: ТҮЛЕК – 2020» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Еріктілер жылына арналған мектеп бітіру іс-шарасын өткізудің тұжырымдамасы таратылып, түсіндіру жұмыстары алдын ала жүргізілді. Сонымен қатар, Алматы облыстық білім басқармасының «Соңғы қоңырау және мектеп бітіру кешін өткізу туралы» 21 мамырдағы №225-н бұйрығы негізінде аудандық білім бөлімінің 22 мамырдағы №250, №251 бұйрықтары да шығарылып, ауданға қарасты барлық мектептерге таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
3-4 маусым күніне жоспарланған «Birgemiz: Түлек – 2020» атты соңғы қоңырау мерекесі мен аттестатты салтанатты тапсыру іс-шарасы аудан мектептерінде барлық мектеп бітірушілердің қатысуымен өткізілді.
Түлектердің, мұғалімдердің және ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ, пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін соңғы қоңырау мерекесі мен аттестатты салтанатты тапсыру біріктірілді. Салтанатты шараға түлектердің отбасы мүшелерінен екі адам ғана қатысып, санитарлық-гигиеналық шектеулер толығымыен қамтамасыз етілді. Бетперде режимі және мектеп ауласы мен ғимаратында алдын ала сызылған сызбамен қатысушылардың арасының 1,5 метрден кем емес арақашықтығы сақталды. Әр сыныпқа жеке кесте бойынша сағат 10.00-ден басталып, мектеп бітірушілер сыныбына бір сағаттан уақыт бөлінді.
Сантитарлық талапта өткен соңғы қоңырау кешінде аудандық білім бөлімі мен аудандық ішкі істер басқармасының ювеналдық полиция тобының инспекторлары, мектеп медбикесі кезекшілікте болды.
А. ЖАНДЫБАЕВА,
аудандық білім бөлімінің басшысы.