Кезекті азаматтарды жеке қабылдау өтіп, аудан тұрғындарының арыз-шағымдары мен ұсыныстары тыңдалды. Кездесу барысында тұрғын үй, жер телімдері, инженерлік желілер, таза су, электр мен газбен қамту, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық көлік, абаттандыру, әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
Әрбір өтініш жан-жақты қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер берілді. Тереңірек зерделеуді талап ететін сұрақтар бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы жеке бақылауға алынды.
Жеке қабылдау — халықпен ашық әрі тиімді кері байланыс орнатудың басты тетігі. Қарасай ауданында тұрғындардың өтініштері ұдайы назарда болып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

