Адамдардың тағдырлары бір-біріне ұқсай бермейтіні айдан анық. Кейбір ерлі-зайыптылар дәм-тұзы жараспай, түрлі себептермен екі жаққа да кетіп жатады. Менің де басымнан осындай жағдай өткен еді. Балаларымның әкесі алимент төлеуден жалтарып, біраз әуре-сарсаңға салды.
Жалғыз басты ана үшін алты баланы бағып-қағуға қаржының қажеттілігі білінетіні рас. Сондықтан бұрынғы күйеуімнен заң аясында алиментті өндіріп алуды жөн деп санадым. Осы ретте маған Қарасай ауданының жеке сот орындаушысы Талғат Кененбаевтың үлкен көмегі тигенін айтқым келеді.
Білікті заңгердің арқасында алиментті өндіру алу мәселесі оңды шешілді. Ол кісі осы іспен 2019 жылдан бері айналысып, өзінің міндетіне деген жауапкершілігін танытып, маған көп қолдау білдірді. Талғат Кененбаевтай құқық саласын жетік меңгерген маманға айтар алғысым шексіз. Оның қызметіне табыс, отбасына амандық тілеймін! Елімізде осындай білімді заңгерлердің қатары көбейе берсе екен деймін.
Мәдина САУЫТБЕКОВА,
Қаскелең қаласының тұрғыны, көп балалы ана.