SDU University қауымдастығы су тасқынынан зардап шеккен аймаққа көмек көрсету мақсатында ауқымды Grand жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ауқымы рекордтық көрсеткішке жеткен жәрмеңкеге 7 мыңға жуық адам қатысты.
Университет қызметкерлері мен студенттері қолдан әзірлеген бұйымдар мен тәттілерді, асханалар желісі кондитерлік өнімдерін ұсынды. Шара барысында аукцион ұйымдастырылып, университет меншігіндегі құнды бұйымдар қымбат бағаға саудаланды.
Осындай игі іске атсалысып, үлес қосу үшін студенттеріміз жәрмеңкеге аспаздық тоқаштарды, түрлі зергерлік бұйымдар мен кәдесыйларды шығарды. Grand жәрмеңкесіне шыққан тағам мен бұйымдардың 98 пайызы сатылып кетті.
Шара қорытындысы бойынша жәрмеңкеден 9 429 174 тг жиналды. Бұл қаражат апаттан зардап шеккен аймаққа көмек көрсету мақсатында «Шұғыла» Қоғамдық Қорының шотына аударылды.