Конституциялық комиссияның бұл отырысында көтерілген мәселелер өте өзекті әрі уақтылы болды. Әсіресе, Конституцияның Преамбуласына айрықша мән берілуі – мемлекет дамуының құндылықтық негіздерін айқындау тұрғысынан маңызды қадам. Преамбуланы тек кіріспе емес, негізгі бағыт-бағдар беретін рухани өзек ретінде қарастыру қоғам үшін де, құқық қолдану тәжірибесі үшін де оң әсер етеді деп ойлаймын.
Сонымен қатар, адам құқықтары мен бостандықтарын нақтылау, олардың тікелей қолданылуын күшейтуге бағытталған ұсыныстарды қолдауға болады. Құқықтық және зайырлы мемлекет қағидаттарын, жеке өмірге қол сұқпаушылық пен дербес деректерді қорғауды нақты бекіту – қазіргі заман талаптарына толық сай келеді.
Білім, ғылым, мәдениет, экология және әлеуметтік кепілдіктерге қатысты бастамалар да қоғамның ұзақ мерзімді дамуына серпін береді. Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер Конституцияның өміршеңдігін арттырып, оны нақты қоғамдық үдерістермен үндестіруге бағытталған деп есептеймін.
Несіпбала Әбділдаева,
,ілім саласының ардагері, Қарасай ауданының Құрметті азаматы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
