Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысының өтуі елдегі саяси жаңғыру үдерісінің жүйелі түрде басталғанын көрсетеді. Бұл қадам мемлекетті басқару тетіктерін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталған маңызды бастама ретінде бағалануы тиіс. Комиссия алаңы қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді ашық талқылап, түрлі әлеуметтік топтардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді.
Отырыстың тікелей эфирде көрсетілуі биліктің ашықтық пен жариялылық қағидаттарын басшылыққа алып отырғанын аңғартады. Мұндай формат қоғамның реформаларға деген сенімін арттырып қана қоймай, Конституциялық өзгерістердің жалпыхалықтық сипат алуына жол ашады. Осы тұрғыдан алғанда, комиссия жұмысы елдегі саяси мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал ететін маңызды қадам болып табылады.
Сағат МӘСІМАҚЫНОВ,
Қарасай аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
