Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы №720 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту мәселелері жөніндегі 2024-2029 жылдарға арналған Жол картасының 67-тармағын іске асыру мақсатында және Қарасай ауданының терроризмге қарсы комиссиясының хаттамалық тапсырмасына сәйкес, Шамалған ауылындағы қоғамдық тамақтану орындарында «Тамақтан улану, оның алғашқы белгілері мен алдын алу жолдары» тақырыбында түсіндіру семинарлары өткізілді.
Аталған шаралар Шамалған ауылындағы «Береке», «Үрімші», «Нұр» «Шұбарат», «Эльдар», «Лондон», «Нұр» сынды тамақтану орындарында ұйымдастырылып, тамақтану саласында жұмыс істейтін қызметкерлерге тағамнан уланудың себептері, алғашқы белгілері, қауіпсіздік шаралары мен санитариялық талаптар туралы ақпарат берілді. Түсіндіру жұмыстарына Қарасай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Сатыбекова, Қарасай ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б.Орынбасар және Шамалған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Рымбаева қатысып, қоғамдық тамақтану орындарындағы санитарлық мәдениетті арттыру және тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Қарасай ауданының ішкі
саясат бөлімі.
![[:ru]Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")[:kk]"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)[:]](https://naqtygazeti.kz/wp-content/uploads/2017/01/logo2.png)
