Еліміздің өркендеуі әрбір азаматтың саналы таңдауы мен қоғамдық іске деген жауапкершілігіне тікелей байланысты деп санаймын.
Жаңа Конституция негізінде өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезең. Осындай маңызды сәтте әр азаматтың өз таңдауын жасап, дауыс беруі ерекше маңызға ие.
Азаматтық ұстаным – қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарамай, елдің болашағына әсер ететін маңызды шешімдерге қатысу. Сайлауға қатысу арқылы біз өз пікірімізді білдіріп қана қоймай, мемлекетіміздің дамуына да өз үлесімізді қосамыз. Әрбір дауыс – ортақ болашағымыз үшін қабылданған маңызды шешім.
Барша аудан тұрғындарын алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық жауапкершілігін көрсетуге шақырамын. Саналы таңдау жасап, еліміздің тұрақты дамуына бірге үлес қосайық.
Бірлігіміз бен белсенділігіміз – жарқын болашақтың және қуатты мемлекеттің берік негізі.
Саян АШЕНОВ,
«АзияАгроФуд» АҚ басқармасының төрағасы.

