Шамалған ауылдық округінде жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында кезекті жұмыс атқарылды.
Жібек жолы көшесіндегі екі жаяу жүргіншілер өткеліне қосымша жарықтандыру орнатылды. Бұл әсіресе кешкі және түнгі уақытта жолдан өтетін тұрғындар үшін қолайлылықты арттырып, өткелдердің анық көрінуін қамтамасыз етеді.
Жарықтандырылған өткелдер жүргізушілердің назарын жаяу жүргіншілерге дер кезінде аударып, жолдағы қауіпсіз қозғалысқа оң әсерін тигізеді.
Тұрғындарға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру — ауылдық округ үшін маңызды міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

