Алматы облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Қарасай ауданының Полиция басқармасында жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасына енгізілген өзекті жаңашылдықтар түсіндірілді.
Әсіресе, 2027 жылғы қаңтар айынан бастап күшіне енетін заңнамалық өзгерістерге ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға жаңа нормалардың негізгі ережелері жеткізіліп, оларды қызметтік қызметте практикалық қолдану тәртібі түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

