Заң мен тәртіп — қоғамның іргетасы. Егер елде заң сақталмаса, тәртіп бұзылса, онда ешқандай даму да, бейбітшілік те болмайды. Менің ойымша, әрбір азамат заңды құрметтеуі қажет. Себебі заң — тек жазалау құралы емес, ол біздің құқығымызды қорғаудың кепілі.
Тәртіп мәселесі тек полиция мен соттың жұмысы деп қарамау керек. Бұл — бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әсіресе, жастарға заңды сақтау мен тәртіпке бағынудың маңызын түсіндіру керек. Балаларды кішкентай кезінен бастап адалдыққа, әділеттілікке тәрбиелеу маңызды. Егер тәртіпке бағынатын ұрпақ өсірсек, елімізде қылмыс азайып, қоғам әлдеқайда тыныш әрі қауіпсіз болмақ. Құқық қорғау органдарының жұмысы әділ және ашық болса, халықтың оларға деген сенімі артады. Осылайша, заңды құрметтеу елдің даму жолындағы басты қадам болмақ.
Есен Сәлібеков
Елтай ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы.