Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары түсіндіріліп, объектілердің инженерлік-техникалық қорғалуын қамтамасыз ету, техникалық құралдарды тиімді пайдалану, материалдық-техникалық базаны нығайту, қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыру, сондай-ақ күзет қызметінің жауапкершілігін күшейту мәселелері бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қатысушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу, күдікті жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмдері жөнінде әдістемелік ұсынымдар берілді.

