Райымбек ауылдық округінде Қарасай аудандық полиция басқармасының ювеналды полиция қызметкерлері мен ауылдық округ әкімдігі өкілдерінің қатысуымен түнгі профилактикалық рейд өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.
Рейд барысында компьютерлік клубтар мен жастар жиі жиналатын орындар тексерілді. Нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз көшеде жүрген жасөспірімдер анықталып, олармен және ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіздік талаптары жөнінде ескертулер берілді.
Осындай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

