Іргелі ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аумақтарды абаттандыру және тазалық жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Таза орта — әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Туған өлкеміздің тазалығы мен көрікті болуы өз қолымызда. Әрбір тазаланған аула, отырғызылған ағаш пен жиналған қоқыс — таза әрі жайлы болашаққа жасалған маңызды қадам.
Барша тұрғындарды туған ауылымызды көркейтуге бірге атсалысуға шақырамыз! Тазалықты өз ауламыздан бастайық!

