Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Таэквондошыларымыз табыспен оралды
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Таэквондошыларымыз табыспен оралды
11:35, 15 февраля 2019

Таэквондошыларымыз табыспен оралды

Ақпан айының төрті мен алтысы аралығында Алматы облысының орталығы – Талдықорған қаласында, жасөспірімдер мен жеткіншектер арасында, таэквондодан ХІV ашық республикалық турнир өтті. Ол екі күнге созылып, онда үздіктердің үздігі анықталды. Турнирден қарасайлық жекпе-жек шеберлері тамаша табыспен оралды. Жерлестеріміздің қоржынында 5 алтын, 1 күміс, 11 қола медаль бар!
Қарасай батырды еске алуға, сондай-ақ, аталған спорт түрін дамытып, жастар арасында кеңінен насихаттауға арналған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық өңірінен 63 салмақ дәрежесі бойынша 600-ге жуық жас спортшы қатысты. Дәстүрге айналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы бұл бәсекеде, жоғарыда айтқанымыздай, ауданымыздағы «Қарасай батыр» спорт орталығының 50-ге жуық таэквондошылары осы турнирге қатысып, бақ сынады.
Аудан сенімін арқалаған спортшылар намысты қолдан бермей, шеберліктерімен танылып, бұл жолы да ерекше көзге түсті. Сөйтіп, нәтижесінде жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленіп, қомақты жүлдемен оралды.
Атап айтар болсақ, Аяжан Қаблан, Амир Амалбек, Алибек Үсенов, Айдар Абдикадір, Бексұлтан Амзе, Даниэл Гуляев қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктіріп, бірінші орынға иелік етті. Ал, ақтық айқаста қарсыластарына есе жіберген Бейбарыс Қаблан, Андрей Сушков, Нұрислам Киінбай жүлделі екінші орынға ие болса, Райымбек Амангелді, Дүйсенбай Алдияр, Нұрасыл Орынбасар, Әлихан Илясұлы, Бақытжан Фарахат, Нұртас Жұмабек, Ерасыл Қасенғали, Бекарыс Қасенғали, Сания Акимжанова, Асотбек Тажибаев, Бекарыс Асхат сияқты таэквондошыларымыз жүлделі үшінші орынға табан тіреп, ауданымыздың абыройын асқақтата білді.
Ауданымыздың белгілі бапкерлері Қайрат Тағабергенов пен Серік Қадықовтан тәлім алатын жеңімпаздарымыз таяуда Шамалған ауылдық округінде ұйымдастырылған таэквондо турнирінен іріктеуден өтіп, Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Енді сол дәрежемен спортшыларымыз үлкен жарыста өнер көрсетпек.
Жас таэквондошыларымызға алда да жеңіс пен табыс серік болсын дейміз.

Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru