«Таза бейсенбі» акциясы аясында Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан К-28 суқоймасының маңында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында суқоймасының аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, айналаның санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды.
Тазалық – баршаға ортақ іс! Табиғатты таза ұстап, қоршаған ортаға жанашырлық танытайық!

