«В.Г. Белинский атындағы орта мектеп-гимназиясында 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Биылғы Білім күнінің тақырыбы – «Қазақстан Республикасы Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі».
Мектеп-гимназия директоры Сайбырова Тұрсын Әділбекқызы білім алушыларды, ата-аналар мен педагогтерді жаңа оқу жылымен құттықтап, Конституцияның маңыздылығын айрықша айқындап, өткен оқу жылының қорытындыларына тоқталды.
Сонымен қатар, мектеп директоры 2027 жылы мектебіміздің құрылғанына 160 жыл толатынын ерекше атап өтіп, мерейлі жыл мектеп тарихындағы маңызды белес болатынын жеткізді. Мемлекет басшысының жолдауларында айқындалған сапалы білім беру, цифрлық даму, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыру, білімді әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеу міндеттерінің маңыздылығына да тоқталды.

