«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Стоп коррупция!» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Қарасай ауданы полиция басқармасының ювеналды полиция тобының инспекторы Төкен Ерболат Сержанұлы, Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мамиев Темірлан Қанатұлы, Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының маманы Маратов Мейірхан Мұхтарұлы және Іргелі ауылдық округі Жастар ресурстық орталығының маманы Қанағат Толқын спикер ретінде қатысты.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, «Номад» мектебінің әкімшілігі мен жоғары сынып оқушылары белсенділік танытып, тақырып аясында арнайы сахналық көрініс ұсынды. Оқушылардың қойылымы іс-шараның мазмұнын аша түсіп, қатысушыларға ой салды.
Кездесу мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың заңға құрметпен қарауына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға бағытталды.

