Еліміздің болашағы әр азаматтың саналы ұстанымы мен қоғамдық өмірге деген белсенді көзқарасына байланысты деп ойлаймын.
Алда өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы – ел үшін маңызды қоғамдық-саяси науқан. Мұндай маңызды кезеңде әркімнің өз таңдауын жасап, азаматтық ұстанымын білдіруі ерекше мәнге ие.
Қоғамның дамуы тек мемлекеттік бастамаларға ғана емес, халықтың белсенділігіне де тікелей байланысты. Сайлауға қатысу арқылы біз өз пікірімізді білдіріп қана қоймай, ортақ мақсатқа үлес қосамыз және елдің ертеңіне деген жауапкершілігімізді көрсетеміз.
Шара Қанатқұлқызы,
Қарасай аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы.

