Талғар ауданының тұрғындары ҚР ақпарат және қоғамдық даму министріне толғандырып жүрген мәселелері туралы айтты Бүгін Талғар ауданына ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров жұмыс сапарымен келді. Ол аудандық мәдениет үйінде халықпен кездесті. 3 сағат көлемінде өткен жиында тұрғындардың барлық сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында Асқар Омаров министрліктің жұмысы туралы қысқаша баяндама жасады. …
Бүгінгі таңда баспанасыз жүрген жандар үшін ортақ бір ғана тұрғын үй бағдарламасы бар. Ол «7-20-25» деп аталады. Неге жалпыға ортақ дейсіздер ғой? Өйткені бұл ипотекалық бағыттағы берілетін бағдарлама ешқандай әкімдіктегі кезекке, тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеуге қарамайды. Одан бөлек оған әрбір қазақстандықтың қатысуға мүмкіндігі бар. Тағы бір айта кетерлігі, аталмыш әлеуметтік бағдарлама арқылы еліміздің кез келген …
Ағымдағы жылдың 15-сәуірінен бастап қазақстандықтардың мобильді ақша аударымдарының қандай жағдайда кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістерге жатқызу керектігін белгілейтін Қаржы министрлігінің бұйрығы күшіне енді. Яғни, салық органдары қатарынан 3 ай ішінде әртүрлі адамдардан айына 100-ден астам аударым алатын тұлғалар туралы ақпаратты тексеріп отыратын болады. Қаржы министрлігінің арнайы бұйрығы күшіне енгеніне бір апта өтпей жатып халық арасында түрлі …
Болмаған балалық шақ… Дәл осылай аталатын кітапта мейірімге мұқтаж баланың аянышты тағдыры, жанкештілігі, тірі ана мен марқұм әкеге деген сағынышы баяндалған. Бұл кітаптағы оқиғаның басты кейіпкері – жазушының өзі. Бір апта бұрын осы шығарманың авторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек Қарасай ауданына қарасты Мерей ауылындағы А.Макаренко атындағы орта мектебінде құрметті …
Биыл Алматы облысына – 90 жыл. Осыған орай, өткен аптаның жұма күні Береке ауылындағы Мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жер жәнатты – Жетісу» атты әдістемелік-тәжірибелік конференциясы өтті. Жетісу өңірінің құрылуынан осы күнге дейінгі даму кезеңі тізбектелген шараға ұйымдастырушы бөлімнің басшысы Күлжан Дүйсенова, Елтай ауылдық округінің әкімі Біржан Махатов, …
Бүгінгі жас келіндер өздеріне қойылатын талаптарды біле ме? Ақ босағадан алғаш аттаған жас келіннің атқарар міндеттері қандай? Қазақ келіндерінің отбасылық тәрбиені, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мен оны сақтау мақсатында Шамалған ауылындағы Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Дана ене, дара келін» атты байқау өтті. Ене мен келіннің сыйластығын, қазақтың салт-дәстүрін, өнерін, қолөнерін, ұлттық тағамдарын насихаттауға арналған сайысқа ауыл тұрғындарынан …
Соңғы уақытта елімізде азық-түліктің ішінде ең көп тұтынатындары қымбаттап, күнделікті тұрмысымызға қажетті киім-кешектің бағалары артқаны белгілі. Тіпті, кейбір аймақтарда электр энергиясының бағамы да өскен. Қымбатшылық қалтаны жұқартып, осы жылдың наурыз айында жылдық инфляция 12%-ды құрағанын білдік. Мұны ҚР Ұлттық банкі ресми түрде жария етті. Ақпан айында бұл көрсеткіш 8,7% болған еді. Кез келген саланың экономикалық …
Вопрос благоустройства города Каскелен всегда остается актуальным. Причем, речь идет не только о санитарной очистке и озеленении, о качестве дорог и освещении, а также о состоянии билбордов как рекламной, так и социальной тематики. Со слов акима города Каскелен Аскара Мукашева назрела необходимость принять соответствующее положение о наружной рекламе. Как удалось заметить, билборды, а также сами …
Медициналық мекемелерден шығатын қауіпті қалдықтар заң бойынша арнайы орындарда залалсыздандырылуы керек. Ал заттарды беліленбеген жерге тастау — түрлі жұқпалы аурулардың таралуына әкелуі мүмкін. Жақында жергілікті тұрғын Қаскелең қаласының маңында медициналық қалдықтар шашылып жатыр деп дабыл қағып, бейне-материал жолдаған болатын. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, Алматы-Бішкек тас жолынан қалаға бұрылатын аумақта төгілген шприцтер, инелер, ішінде дәрілері толтырылған шыны …
Райымбек округіне қарасты Долан ауылында осы аптаның сәрсенбісі күні аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың тұрақты есептік кездесуі өтті. Оның барысында мектептің жоқтығы, ауыз судың тапшылығы, жолдарды жөндеу қажеттігі және тағы басқа да әлеуметтік мәселелер көтерілді. Көптен күткен мектеп салынады ма? Долан ауылындағы мектептің жұмыстары биыл қайта жанданады деп күтілуде. Аудан басшысының мәліметінше, Долан ауылындағы мектептің жобалау-сметалық …