Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Инфляция артып, тауар қымбаттап жатыр
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Инфляция артып, тауар қымбаттап жатыр
10:57, 22 апреля 2022

Инфляция артып, тауар қымбаттап жатыр

Соңғы уақытта елімізде азық-түліктің ішінде ең көп тұтынатындары қымбаттап, күнделікті тұрмысымызға қажетті киім-кешектің бағалары артқаны белгілі. Тіпті, кейбір аймақтарда электр энергиясының бағамы да өскен. Қымбатшылық қалтаны жұқартып, осы жылдың наурыз айында жылдық инфляция 12%-ды құрағанын білдік. Мұны ҚР Ұлттық банкі ресми түрде жария етті. Ақпан айында бұл көрсеткіш 8,7% болған еді. Кез келген саланың экономикалық дамуына тән құбылыстың осылай құбылуы алаңдауға тұрарлық.
Ұлттық банктің статистикалық мәліметінше, қазіргі уақытта аймақтардағы жылдық инфляция 17 өңірде жеделдеген. Азық-түлік бағасының өсу қарқыны ақпан айында 10% болса, наурызда бұл көрсеткіш 15,4%-ға дейін көтерілген. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағалары өткен айда 10,9%-ға дейін артқан, ақпанда ол 8,6% болыпты.
Инфляция деңгейінің құбылуын бағамдап, болжам жасайтын, әрине, экономист мамандар, сарапшылар екені анық. СДУ-дің доценті, экономика ғылымдарының PhD докторанты Есенғали Өскенбаев бұл жолы да осы тақырыпқа қатысты пікірін білдіріп, өзінің ойымен бөлісті. Зерттеуші-профессордың айтуынша, инфляцияның қарқынды өсуі әлемдік пандемия кезінде басталған. Өйткені оған дейін 4% шамасында болыпты. Кейін жаһандық кеселдің кесірінен 7-8%-ға артқан.
– Ұлттық банк төменгі инфляция деңгейі өспейді деп болжағанымен, сарапшылардың пайымдауынша, биыл оның көрсеткіші 14-16% шамасында көтерілуі әбден мүмкін. Нарықта аздаған тұрақтылық бар екенін ескеріп, инфляция бағамы осындай жағдайға жетсе, яғни, гиперинфляция болмаса, оны қалыпты деп қабылдауымыз керек. Жалпы 14-16%-дың күтілуі соңғы кезде байқалып жатқан долларға шаққанда теңгеміздің құнсыздануымен байланысты. Яғни, ұлттық валютамыз 13-14% девальвацияға ұшырады. Мұны дәл осы көрсеткішпен сырттан келетін тауарлар қымбаттайды деп түсінуіміз керек, – деді экономист Есенғали Өскенбаев.
Сонымен қатар СДУ доцентінің ойынша, егер ұлттық банк пайыздық мөлшерлемені көтеретін болса, инфляцияны тежеуі ықтимал. Дегенмен азық-түлік тауарлардың бағаларында ауытқу болады. Одан бөлек сарапшы инфляцияның деңгейінің өзгеруі Ресей еліндегі санкциялармен байланысты екенін айтты.
– Ресейге жарияланған санкцияның кесірінен осы елден шығатын өнімдер Еуропада тапшы болатыны сөзсіз. Яғни, әлемдік инфляция біздің мемлекетке әсер ететіні анық. Бұл ретте Ресейден шығатын өнімдерді өзімізге қажет деп тапсақ және оған деген сұраныс артса, онда басқа ел арқылы келетін олардың құны шарықтайтыны белгілі. Сәйкесінше Қазақстандағы мұндай тауарлардың бағасы күрт артады, – деп сарапшы Е.Өскенбаев инфляцияның тағы бір тұсын осылай түсіндірді.

Дидар МӘЛІКҰЛЫ.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru