2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына сәйкес, төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін күндізгі оқу нысаны бойынша 23 жасқа дейін білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу енгізілді.
Сонымен қатар, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін көп балалы отбасыларға (4 баладан жоғары балалары бар) тағайындалған арнайы мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоғарыда көрсетілген Заңға сәйкес ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыға ауыстырылып төленуде.
Қазақстан Республикасының «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңға сәйкес жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты белгіленетін болады, яғни:
4 балаға – 42 496 теңге (16,03 АЕК)
5 балаға – 53 127 теңге (20,04 АЕК)
6 балаға – 63 757 теңге (24,05 АЕК)
7 және одан жоғары балаға – 74 388 теңге (28,06 АЕК).
Көп балалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен аталған мемлекеттік жәрдемақы енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы барлық көп балалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) табысына қарамастан төленеді.
Аталған жәрдемақыны алу үшін құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциалық емес акционерлік қоғамының қалалық, аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталықтарына» немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша ауылдық округ әкімдігіне тапсыру қажет.
Арнаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларға, соның ішінде көпбалалы (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар) отбасыларына да төленетін болады. Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмыстан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларынан бас тартса, онда АӘК төлемі тек оған ғана емес, бүкіл отбасына да тоқтатылады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы аз отбасыларының (арнаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға) балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакеті енгізілді. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды азық-түлік жиынтығымен және гигиеналық құралдармен, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен және мектеп киімімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, оларға мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі. Медициналық, оның ішінде стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетілетін болады.
А. ЗАРИФХОДЖАЕВА,
еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы.
С 1 января 2020 года в соответствии с Законом РК «О государственных пособиях семьям, имеющим детей» введено новое ежемесячное государственное пособие многодетным семьям, имеющим четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме обучения в организациях образования до достижения 23-х летнего возраста (далее – пособие многодетной семье).
При этом с 1 января 2020 года в соответствии с вышеназванным законом СГП (специальное государственное пособие), которое было назначено до 1 января 2018 года многодетным семьям (четверо и более детей), будет заменено на государственное пособие и выплачиваться ежемесячно.
Законом РК «О государственных пособиях семьям, имеющим детей» установлен дифференцированный размер пособия многодетным семьям в зависимости от количества детей:
4 детей – 42 496 тенге (16,03 МРП);
5 детей – 53 127 тенге (20,04 МРП);
6 детей – 63 757 тенге (24,05 МРП);
7 и более детей – 74 388 тенге (28,06 МРП).
Поддержка многодетных семей оказывается за счет средств республиканского бюджета путем выплаты государственных пособий. Ежемесячные государственные пособия будут выплачиваться всем многодетным семьям (четверо и более детей), независимо от их доходов.
Для получения данного пособия необходимо сдать документы в городские, районные Центры обслуживания населения некоммерческого акционерного общества «Государственная корпорация «Правительство для граждан» или же в акимат сельского округа по месту жительства.
Адресная социальная помощь (далее – АСП) будет выплачиваться малообеспеченным семьям, в том числе многодетным (четверо и более несовершеннолетних детей). Если трудоспособные члены семьи отказываются от предложенной им работы и мер содействия занятости, то выплата АСП будет прекращена не только им, но и всей семье.
С 1 января 2020 года для детей из малообеспеченных семей (получателей адресной социальной помощи) введен гарантированный социальный пакет. Детей в возрасте от 1 года до 6 лет обеспечат продуктовыми наборами и гигиеническими принадлежностями, в возрасте от 6 до 18 лет – горячим питанием в школах, учебными принадлежностями и школьной одеждой. Им также будут возмещены расходы на проезд до школы. Медицинская помощь, в том числе стоматологическая, детям до 18 лет будет предоставляться в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и обязательного социального медицинского страхования.
А. ЗАРИФХОДЖАЕВА,
главный специалист отдела пенсионного и социального
обеспечения № 3 Департамента Комитета труда, социальной защиты и миграции по Алматинской области.