Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандарға қатысты заң талаптарының сақталуын бақылау мақсатында мектеп маңындағы сауда орындарында рейдтік және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция майоры Р. А. Уркинбаев, мектеп директоры Ж. Т. Айтакова және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Рейд барысында сауда орындарының қызметкерлеріне кәмелетке толмағандарға заңмен тыйым салынған тауарларды сатуға жол бермеу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау және қолданыстағы заңнама талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру.

