Бүгін бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Әйтей ауылындағы Б. Қосынов атындағы орта мектепте ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тақырыбында ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің басым бағыттары, олардың мазмұны мен маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға аталған түзетулердің елдің саяси-әлеуметтік дамуына ықпалы кеңінен баяндалды.

