«Nomad International School» жекеменшік мектебінің оқушылары Іргелі ауылдық кітапханасына саяхат барысында сүйікті кітаптарымен естелік суретке түсті.
Оқушылардың кітаппен түскен суреттері заманауи технология көмегімен аниме стилінде өңделіп, ерекше көрініске ие болды.
Кітапқа деген қызығушылықтары артып, әрбір оқушының жүзінен қуаныш байқалды!

