Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті шығармаларының бірі – Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабын талқылауға арналған әдеби кеш өтті.
Кеш барысында қатысушылар шығарма желісін талқылап, кітаптағы ұлттық тәрбие, салт-дәстүр, отбасы құндылықтары мен адамгершілік қасиеттері туралы ой бөлісті.
Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі. Оқырман ұрпақ – ұлт болашағы!

