«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Іргелі ауылдық округінде жалпыхалықтық сенбілік өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Туған жерімізді таза ұстауға бірге үлес қосайық!

