Іргелі ауылдық округінде көпбалалы аналарды «Күміс алқа» және «Алтын алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттау рәсімі өтті.
Аталған марапаттар отбасындағы береке-бірлікті сақтап, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып отырған аяулы аналарға табысталды.
Барша аналарды лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

