Іргелі ауылдық округінде республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Акция барысында қоғамдық орындар, көшелер мен аулалар тазартылып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркеюіне бағытталған жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, ауылдық округ аумағындағы кәсіпорындар мен ұйымдар да акцияға белсенді қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Таза ауыл – өзімізден басталады!

