Қарасай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінде “Екінші өмір” Қайта өңдеу (Recycling) және қайта пайдалану тақырыбында, 200 студенттің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – жастардың экологиялық сауаттылығын арттыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру.
Кездесу барысында экологиялық мәселелер, табиғи ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы талқыланды.

