Қаскелең мәдениет колледжінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Алматы облысы Дін істері басқармасының «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ маманы Балтабек Әділет Нұрланұлы қатысып, жастармен діни сауаттылық, рухани құндылықтар және теріс діни ағымдардың алдын алу мәселелерін талқылады.

