Конституцияға өзгерістер тек референдум арқылы енгізілуі – демократиялық қадам. Бұрын президент өзгерістерді референдумсыз ұсына алатын, ал енді халық тікелей дауыс беріп шешеді. Бұл ел азаматтарының Конституцияға қатысуын арттырады, билік пен халық арасындағы сенімді күшейтеді. Сондай-ақ, маңызды заңдар мен нормалар тек халықтың келісімімен қабылданатындықтан, оларды кең қолдауға ие болады деп ойлаймын. Бұл өзгеріс елдің демократиялық даму жолына қосылған маңызды қадам болып саналады.
Гулбану Махашова,
«Еркін-ай» балабақшасының директоры.

