«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Даналық мектебінің жоспарына сәйкес Қаскелең қаласындағы «Асыл ана» әжелер құрамасы мен мектеп оқушылары арасында «Дәстүрім – діңгегім, ұрпағым – тірегім» атты концерттік сайыс ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жас ұрпақтың бойына сіңіру, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.

