Қазіргі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында түрлі құқық бұзушылықтар анықталуда. Олардың ішінде сауда объектілерінде тауарларға баға жапсырмаларының орналастырылмауы, сондай-ақ сауда залындағы витринада көрсетілген бағаның кассада төлем жасау кезінде жоғары болып шығуы жиі кездеседі. Тұтынушының тауар немесе қызмет туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған. Осыған байланысты әрбір сатушы тауардың бағасын қолжетімді …
SDU University қабырғасында Академиялық адалдық лигасының (ЛАЧ) құрылғанына 8 жыл толуына орай «Building Trust in Higher Education» тақырыбындағы жыл сайынғы форум өтті. Іс-шара модераторы SDU University стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі проректоры Андрей Богданчиков болды. Академиялық адалдық лигасы (Akademiialyq Adaldyq Ligasy) — Қазақстанның жоғары оқу орындарын біріктіретін, білім беру кеңістігінде ашықтық, әділдік, этика және өзара …
Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды реформалардың бірі жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заңға және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды,-деп хабарлайды Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі. Жаңа заң Қазақстан Республикасының 2024–2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру …
Күллі мұсылман қауымы күткен Құрбан айт мерекесінің басталуына санаулы күндер қалды. Бірлік пен береке, мейірім мен қайырымдылық салтанат құратын рухани мейрам биыл 27 мамырға сәйкес келеді. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешіміне сәйкес, Арапа күні 26 мамырға тұспа-тұс келеді. Ал 27 мамыр — Құрбан …
Бүгін Қарасай ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясындағы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, аудан тұрғындары тазалық пен қоршаған ортаны қорғау жолында бір мақсатқа жұмылды. Таңғы уақыттан басталған игі шараға белсенді тұрғындар, еріктілер, жастар, кәсіпкерлер және мемлекеттік қызметкерлер қатысып, аудан аумағын тазарту жұмыстарына белсене атсалысты. Жалпы акцияға 2 987 адам қатысып, 13 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. …
«Адал азамат» — өз еліне, қоғамына және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын, әділдік пен адамгершілікті ту ететін тұлға. Бұл ұғым ұлттық құндылықтарды, еңбексүйгіштік пен білімге ұмтылуды дәріптейтін қазіргі мемлекеттік «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының да негізі болып табылады. Адал азамат дегеніміз–- өз еліне, өз қоғамына және жасаған іс — әрекетіне аса жауапкершілікпен қарап, шынайылық танытатын адам. Көпке …
Қарасай ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Таза өлке – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында Қаскелең өзенінің аумағында кезекті экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған игі шараға аудан тұрғындары, еріктілер және белсенді жастар белсене қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және қоғамда тазалық мәдениетін …
10 мамыр – ҰҚК Шекара қызметінің сапына алынып, әскери өмірдің әліппесімен танысуды бастаған жас сарбаздар үшін естерінде ерекше сақталып қалатын күн. Ал күні кеше ғана Қазақстан халқы Ұлы Жеңістің 81 жылдығын кең атап өтіп, батырларымыздың ерлігіне тағзым жасаған болатын. Енді бүгін Алматы облысы департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының Ақжардағы техникалық және кәсіби даярлық …
Сегодня, во второе воскресенье мая, Казахстан отмечает День матерей. В этом году значимая дата выпала на 10 мая. Ранее в стране День матерей отмечался в сентябре. Однако в соответствии с постановлением Правительства от 31 мая 2023 года праздник был перенесён на второе воскресенье мая. Дата была изменена с целью приведения к международным стандартам. Традиция празднования …
Қарасай ауданында Ұлы Жеңіс күні ұлықталып, ерлік ісімен қаза тапқан батырларға құрмет көрсетілді. Айтулы күннің басқосуы Қаскелең қаласының орталық алаңында басқосумен басталды. Мерекелік шараға аудан әкімі Жасұлан Естенов, құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, бірқатар мекеменің басшылары, Ауған соғысының, «Таулы Қарабақ» қақтығысының ардагерлері және Чернобыль апатына қатысқан азаматтар қатысты. Жиналған көпшілік алдымен бір минут үнсіздікпен …










