2018 жылғы 4 маусымда «Дабыл-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиындары басталды. Оның мақсаты – төтенше жағдайларда күштік құрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың арасындағы үйлестіруді арттыру. Оқу-жаттығудың барысында қабылданған бірлескен бұйрықтарға сәйкес күштік органдардың іс-қимылдарын пысықтау жоспарланған. Күштер мен құралдардың қызметтік-жауынгерлік дайындығы тексерілетін болады. Сондай-ақ, олардың бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігі мен реттілігі, басқару мен өзара іс-әрекеттердің ұйымдастырылу деңгейі де …
4 маусым – егемендігіміздің ерекше белгісі болып табылатын рәміздеріміздің төл мерекесі. Жер бетіндегі барлық өзге мемлекеттермен еліміздің терезесі тең тұруы үшін ең алдымен Ту, Елтаңба, Әнұранымыздың қадірі қоғамда жоғары болуы тиіс. Осы мақсатта, жыл сайын, заңды түрде бекітілген бұл күні барлық өңір, әр аймақта ұлттық рәміздеріміз ұлықталады. Қарасайлықтар да биыл аталған мерекені ыстық ықыласпен қарсы …
Халықаралық балаларды қорғау күні биыл Қарасай жерінде ерекше аталып өтті. Ашық аспан астында «Оркестрлер шеруі» атты оқушылар фестивалі ұйымдастырылып, осындағы білім мекемелеріндегі жасөспірімдеріміздің жетістіктері жұртшылыққа жария етілді. Қаскелең қаласындағы орталық алаң түрлі түске боялғандай гүлденіп, әуелеген әсем әуен көңіл көкжиегін кеңейте түсті. Жаңа форматтағы салтанат ортасында аудан басшысы Жандарбек Далабаев та болып, жиналған қауымды, мереке …
Жарыққа шығысымен-ақ, жұртшылықтың көңілін баурап алған «Мен қазақпын» мега жобасы биыл да жалғасын тапты. Атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз – дәстүрлі ән-күй, термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттауды мақсат ететін байқаудың аймақтық іріктеу кезеңі жуырда біздің ауданымызда да өтті. Яғни, Қаскелең қаласындағы мәдениет үйінде Талғар, …
Осы аптаның сәрсенбісінде, балаларды қорғау күніне орай, ауданымыздағы мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға арналған «RAKHYM» қайырымдылық қоры мерекелік шара өткізді. Бұл орталық ауыр тағдырларын арқалап келген балалардың денсаулығын педогогикалық-психологиялық түрде қолдауға бағытталған. Алатаудың баурайында орналасқан орталықтың таңғажайып көрінісі кіргеннен-ақ көңілге жылу ұялатады. Ауа райы да бұл күні шуағын шашып, нұрын төгіп тұрғандай болды. …
Биылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек жүйесі енгізілгені белгілі. Бірыңғай жәрдемақы осыған дейін беріліп келген 3 түрлі өтемақының орнын алмастырмақ. Яғни, енді көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға берілетін үш түрлі жәрдемақы, яғни, азаматтардың табысына қарамастан, республикалық бюджеттен тағайындалатын арнаулы жәрдемақы, отбасылардың табысына қарай анықталатын және жергілікті бюджеттен төленетін балалар жәрдемақысы мен атаулы …
Геноцид (от греческого «génos» («расы людей») и латинского «джиде» («акт убийства») – это преднамеренное действие, направленное на полное или частичное уничтожение целого народа. Учрежденная еще в 1948 году Конвенция Организации объединенных наций (ООН) о геноциде определяет это явление как «акты, совершаемые с намерением полностью или частично уничтожить национальную, этническую, расовую или религиозную группу». Истории известны …
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудандық кітапханада «Ұмытылмас есімдер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, жаппай жазалаудың сол бір қиын-қыстау кезеңіндегі тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін туралы Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» және «Қазақстан тарихы», «Қазақ көтерілістері», М.Қозыбаевтың зерттеулері, «Қызылдар қырғыны», «Зобалаң», «Аза», «Боздақтар», «Алаш көсемсөзі», …
Жең ұшынан жалғасқан парақорлықты жою – еліміздегі басты саяси күштің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Осы орайда, жақында «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Оған мәслихат депутаты Қ.Баяманов төрағалық етіп, күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды. Олар бойынша, «Нұр Отан» партиясының «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа …
Ауданымыздағы Сулейман Демирел университетінің стартаперлері ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қаржылай қолдауымен алғашқы отандық азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мобильді қосымша ойлап тапты. «JobBer» деп аталатын бұл бастама жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында, яғни, тапсырыс берушілердің (жұмыс берушілердің) және жұмыс іздеген адамдардың (жұмысшылардың) өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жоба. Бұл мобильді қосымшаның идеясы жоба …