Жақында аудандық әкімдік ғимаратының үлкен мәжіліс залында «Ауданның 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының орындалу қорытындысы және 2023 жылы атқаратын міндеттері туралы» алқа мәжілісі өтті. Оған ауыл әкімдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, басқарма, бөлім, мекеме басшылары қатысты. Алқада бірқатар өзекті мәселелер қаралып, ауыл әкімдерінің жұмыстары сараланды, аудан бойынша 2023 жылы бірнеше жобалар жүзеге асатыны мәлім болды. Алқа …
Облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Байеділов Жамбыл ауданына жасаған іссапарында бірнеше елді мекенді аралап, ақындар мен батырлар елінің тыныс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ жергілікті мәслихат депутаттарымен, мекеме басшыларымен арнайы жиын өткізді. Жаңадан сайланған мәслихат төрағасы ауданға сапарын «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» атанған Сүйінбай Аронұлының рухына тағзым етуден бастады. Жыр сүлейінің Қарақыстақ ауылының шығысындағы мәңгілік мекеніне атбасын тіреген халық …
Жуырда аудандық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Оның жұмысын басқарған кеңес төрағасы Жанат Исағұлов алғашқы сөзді «Алматы қаласының «Ақсеңгір» 4-ші секторының арнайы құрылысын реттеу аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына өзгеріс енгізу үшін түзетілген қалақұрылыстық құжаттамаларын ұсыну» тақырыбында аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі басшысының орынбасары Дәрмен Жапаровқа берді. Мұнан кейін осында жұмыс жүргізетін серіктестік өкілдері аталған …
Кеген ауданы Саты ауылдық округінің әкімі болып Батанов Әділхан Әшкейұлы сайланды. Әділхан Батанов 1970 жылы 14 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1994 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Орман шаруашылығы» мамандығы бойынша аяқтаған. Әділхан Әшкейұлы еңбек жолын 1998 …
Кеген ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі болып Жексембиев Сырым Есенханұлы сайланды. Сырым Жексембиев 1969 жылы 10 ақпанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1993-1999 жылдары Қазақ Ұлттық техникалық университетін «инженер-механик» мамандығы бойынша білім алған. 1986 жылы Алғабас жылқы заводында комсомол-жастар бригадасында жұмыс істеген. 1992-2005жылдары Қазақстан Республикасы Алматы ішкі істер Департаментінде жол …
Мемлекеттік қызмет жолын таңдаған азамат әрбір ісіне аса зор жауапкершілікпен қарағаны жөн-ақ. Сәл ұстанымнан мүлт кетсе, оның абыройы мен атқарған жұмысына, ол істеп жүрген мекемеге сын болары анық. Осы ретте аудан әкімдігінің мәжіліс залында Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Кенжебековтың қатысуымен арнайы кездесу болып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Рустам Атшабаров жүргізген жиынға …
Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев Тасашы ауылдық округіне қарасты Ақтасты ауылының маңында орналасқан Тоқтарбек Баймолдаев басқаратын «КегенМясПром» ЖШС ет өңдейтін комбинаттың құрылыс жұмыстарымен және оның алдағы жоспарымен танысып қайтты. Тыныс-тіршілігі ауылшаруашылығына, оның ішінде мал шаруашылығына негізделген Кеген ауданында ет және сүт өңдейтін кәсіпорындардың жоқтың қасы. Соның түйіні шешілетіндей. Анығын айтқанла, «КегенМясПром» деп аталатын аудан аумағынан …
Кеген ауданының аумағында Тасашы ауылы бар. Сонау өткен ғасырда Қазақ КСР-нің 50 жылдығы атындағы тәжірибе шаруашылығы құрылып, Тасашы ауылының іргетасы қаланған. Аталған шаруашылықта еңбек еткен жандар, ауыл тұрғындары өткен жылдары ауыл іргетасының қаланғанының жарты ғасырлық мерейлі тойын атап өтті. Жақында Кеген ауданы әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Тасашы орта мектебіне қарасты интернаты бар мектепке дейінгі шағын орталығымен …
Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас Үлкен ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Сонау Балқаш көлінің жағасындағы бұл елді мекенде атом электр стансасын салу мәселесі көтерілгені белгілі. Бүгінде мұнда екі мыңға жетпейтін адам тұрады. Үлкен ауылы өткен ғасырдың 80-жылдарында ірі энергетикалық кешен тұрғызу мақсатында құрылған болатын. Бірақ энергия өндіретін алып кәсіпорын салынбай, жұмыс жоқтықтан тұрғындарының көпшілігі көшіп кеткен. …
Главы сельских округов и населенных пунктов – фигуры не столь публичные, как их коллеги рангом выше. 35-летний Алмас Умирзаков хотя и стал акимом Кендалинского сельского округа недавно, но зарекомендовал себя как деятельный и вездесущий глава. Садоводческие коллективы – часть округа От акима зависит многое. Так рассуждают жители округа, которые искренне желают, чтобы их глава был …