Толағай қуаныш ауыл жастарын өнерге баулып жүрген Кеген балалар өнер мектебі, өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. «Бұлақ көрсең, көзін аш», демекші, түрлі-түрлі өнерге талаптары таудай шәкірттерге дәріс беріп, білімін кеңітіп, болашағына негіз қалағанға не жетсін?! Ашылғанына биыл сегіз жыл толатын өнер мектебінде домбыра, қобыз, дәстүрлі ән, хореография, тігін, тоқыма, ағаш өнері, бейнелеу, сурет және мүсін …
Жақында Қонаев қалалық Мәдениет үйінде, Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен, Алматы облысының мәдениет архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастырумен Жетісу күй өнерінің негізін қалаушы, күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған «Тарту» атты республикалық күйшілер байқауы дүбірлеп өтті. Қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнері және қазақтың ұлттық аспаптарын бүгінгі жас ұрпақ …
Жыл өткен сайын мәдениет саласының жағдайы жақсарып келеді. Бұл – жақсылықтың нышаны. Осыған орай аудандық Мәдениет үйінің директоры, дәстүрлі күміс көмей әнші, сегіз қырлы, бір сырлы азамат Нұрмаман Оқас Төкенұлымен сұхбаттасқан едік. – Нұрмаман Төкенұлы, Кеген аудандық Мәдениет үйінің жалпы жағдайы қалай? – Жағдайымыз жыл өткен сайын жақсарып келеді. Жетісу өлкесінің құнарлы, шұрайлы, өсімдік әлеміне …
Таулары тамсандырарлық, орман-тоғайы ән салдырарлық Алғабас өңірінің мәдениеті мен өнері де келісті. Ауылдың орталығындағы салынғанына 30 жылдан асқан Мәдениет үйі 2019 жылы кұрделі жөндеуден өткізіліп, заманға лайық жайнап, жаңғырған өнер ордасына айналды. Мәдениет үйінің жанында «Асыл әжелер» әжелер ансамблі жұмыс істейді. «Әнші балапан», «Бәйшешек» бишілер, домбыра үйірмелері, «Шежіре, өнер мен тәлім отауы» атты аталар мен …
Ел Тәуелсіздігінің тірегіне айналған Конституцияның мемлекетіміз бен қоғамымыз үшін мән-маңызы айрықша. Біз осы негізгі заңмен еңбек етіп, өмір сүреміз, өзара қарым-қатынасымызды реттейміз. Ата заң – Қазақстанның әлемдік өркениетке батыл қадам басуының алғы шарттарын жасап берген жасампаз құжат. Конституция тәуелсіз Қазақстанның даму жолын айқындап берді, мемлекетіміздің берік негізін қалады. Осы аптаның сейсенбі күні аудандық Мәдениет үйінде …
Ребята поделились с чемпионом мира по тяжелой атлетике Жасуланом Кыдырбаевым своими мыслями о настоящем и будущим страны. Спортсмен был приглашен в качестве специального гостя встречи в детском летнем лагере «Тау-Жанашар». В ходе интервью чемпион поделился своими поражениями и победами в спорте, подчеркнув важность человеческих качеств, таких как самоотверженность, честность и справедливость, которые есть у настоящего …
Балалар ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаевпен елдің бүгіні мен болашағы туралы өз ойларымен бөлісті. Спортшы «Тау-Жаңашар» балалар жазғы лагерінде өткен кездесудің арнайы қонағы ретінде шақырылған. Сұхбат барысында чемпион өзінің спорттағы жеңілістері мен жеңістері туралы бөлісіп, білек күшінен бөлек, нағыз спортшының бойындағы қайсарлық, адалдық пен әділдік сияқты адами қасиеттердің де маңыздылығын атап өтті. Алматы облысының …
Жетісу күй өнерінің негізін қалаушы, күйші-сазгер Қожеке Назарұлының 200 жылдығына арналған «Тарту» атты Республикалық күйшілер байқауы өтеді. Айтулы шара Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткізілмек. Алғашқы рет ұйымдастырылған байқау 16 тамыз күні Қонаев қаласында өтеді. Аталмыш байқауға еліміздің Алматы,Астана қалаларынан,Батыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жетісу,Қарағанды,Алматы облысынан …
Рас, Тәуелсіздігіміз үшін мың мәрте қуанып, мың мәрте көтеріліп сала береміз.Тәуелсіздігіміз арқылы түгенделген дүниеміз баршылық. Өз қолымыз өзімізге жеткендей жағдайымыз жоқ емес. Байыптап қана қараңызшы, арнайы автобустарымен ел мен жерді түгендеп, өнер сапарында жүретін ел ішіндегі халық театрлары – араға ұзақ жылдар салып қол жеткізген тілмен айтып жеткізгісіз қуанышымыздың бірі, өңірлер жақсылығының бірегейі. Міне, соның …
Жаңақұрылыс ауылындағы «Жас Ұлан» оқушылар үйінде «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында кеңейтілген семинар өтті. Шараны «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында Ұзынағаш ауылдық округінің аналар кеңесі ұйымдастырды. Семинарға аудандық қоғамдық даму және қоғамдық келісім комиссиясының мүшелері, басқа селолық округтердегі аналар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, білім және денсаулық салаларының өкілдері келді. Шараның …