Қарасай ауданына қарасты Еңбекші ауылының тұрғыны, майдангер Чайке Ыдырысов сайлауға қатысып, таңдауын жасады. 97 жастан асқан Ұлы Отан соғысының ардагері Чайке Ыдырысов Президент сайлауына белсенділік танытып, өз үйінде дауыс берді. Чайке атамыз 1925 жылы 5 мамырда Қаскелең (қазіргі Қарасай) ауданындағы Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1943 жылы ІІ Дүниежүзілік соғысқа аттанған. Минск қаласының түбіндегі бір айқаста жараланған. …
Ел Президентін сайлау үшін өз таңдауын жасаған жас қарасайлықтың бірі – Дариға Рахимжанова. Күні кеше 18 жасқа толған нәзік жанды бүгін Қаскелеңдегі «Еркенұр» балабақшасындағы №431 сайлау учаскеге барып, ең алғашқы сайлаушы ретінде тіркеліп, дауыс берді. Өз таңдауын жасаған жастың бірі болғандықтан сыйлыққа да ие болды. Дариға Мұратқызының ойынша, ел тағдырын шешетін бұл сайлауда әрбір азаматтың …
Қазақстандағы ең қарт адам, 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғыны. Бір ғасырдан асқан әжей сайлауда дауыс берді. Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Әжей соғыс жылдары тылда еңбек еткен. Қаршадайынан жасы шау тартқанша өмірін бейнетпен өткізген әжейдің денсаулығы әлі де тың. Ойы орнықты, есте сақтау қабілеті жақсы. …
Таңғы сағат 9:00-де облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінде орналасқан №949 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Бұл учаскеде 1737 адам тіркелген, деп хабарлайды Naqtygazeti.kz 7-su.kz сайтына сілтеме жасап. – Бүгін өз азаматтық борышымды орындау үшін сайлауға келіп, таңдауымды жасадым. Жалпы, биылғы сайлау ерекше өтуде. Мен мықты экономиканы, тұрақты ішкі саясатты, Қазақстанның халықаралық аренада …
Еліміздің Президенті сайланатын уақытқа біраз күн ғана қалды. Саяси дода жақындаған сайын үгіт-насихат жұмыстары белсенді өтуде. Осы аптаның сәрсенбісі күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары, яғни, облыстық және аудандық қоғамдық штабтың мүшелері ауданымыздағы ең ірі сауда орны – «Алтын Орда» базарының қызметкерлерімен және сатушыларымен кездесті. Базардың ескі әкімшілігінде өткен жиын барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілдері «Адам мемлекет …
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Мәселен, Түркістанда өңір жұртшылығымен, ақсақалдармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өтіп, оған 350-ге жуық адам қатысты. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының өңірлерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға арналған блогына ерекше назар аударылды. «Алдағы жылдардағы ел болашағын айқындайтын сайлауға бірнеше …
2022 жылғы 9 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың IPO-на қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталады. Институционалдық инвесторлар 2022 жылғы 30 қарашаға дейін, ал бөлшек инвесторлар 2022 жылғы 2 желтоқсанға дейін өтінім бере алады. «ҚазМұнайГаздың» шығарылған және орналастырылған акцияларының 90,42%-ы тиесілі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатуға қағаздардың жалпы көлемінің 5%-на дейін немесе шамамен 30 505 974 жай акцияны ұсынуға ниетті. …










