Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мен Қарасай аудандық кітапханасы ұйымдастырған «Қазақ әдебиетіндегі ана бейнесі – зерделі ұлттың негізі» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Рухани шараның мақсаты – қазақ әдебиетіндегі ана бейнесін кеңінен таныту, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу, кітап оқу мәдениетін насихаттау және жас ұрпақтың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру.
Кешке Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Дүйсенова Гүлжан Әділханқызы, ауданның құрметті азаматы, «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бархинова Ултай Амангелдиевна, аудандық Аналар алқасының төрағасы Наимбаева Азиза Ахметовна, журналист-жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Аршагүл Тойбай-Ақназар, сондай-ақ кітапхана оқырмандары мен әдебиет сүйер қауым қатысты.

