Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бүгінгі таңда көптеген іс-шаралар мен жобалар іске асырылып жатыр. Солардың бірегейі ретінде тамыз айының 28-31 аралығында Қазақстан халық Ассамблеясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық «Бірлік» жастар лагерін айтуға болады. Бұл шараның мақсаты – шет елден келген жастарды қазақтың салт-дәстүрі мен халқымыздың бай мұрасымен таныстыру. Сондай-ақ, лагерьде «100 жаңа есім» атты жобаның жеңімпаздары жас жеткіншектермен кездесіп, олармен өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, биік белесті бағындыру жолдарын айтты. Осы шараны ұйымдастыруға біздің ауданымыз да белсене араласып, үлкен үлес қосқан болатын.
Осыған орай, аптаның алғашқы күні аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева бастаған ауданымыздың бірқатар белсенділеріне іс-шараға ат салысқандарына алғыс айтылды. Нақтырақ айтсақ, қайырымдылықты, рухани бірлікті, достық пен этносаралық ынтымақтастықты нығайтудың гуманистік мұраттарына қосқан белсенді еңбектері үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының бірінші орынбасары Л.Прокопенконың Алғыс хаты табысталды.
Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ.