Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

"Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті). Ғылыми қызметкерлердің рухани саяхаты
четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Ғылыми қызметкерлердің рухани саяхаты
10:39, 09 Қараша 2018

Ғылыми қызметкерлердің рухани саяхаты

Биыл Қарасай бабамыздың туғанына 420 жыл толып отыр. Батыр тұлғаны өскелең ұрпаққа таныту мақсатында жыл сайын түрлі шаралардың да ұйымдастырылуы дәстүрден жаңылған емес. Соған байланысты биыл әр аймақтарда ғылыми конференциялардың өткізілуі де қолға алынған. Республика көлемінде мұндай алқалы басқосулардың болуы Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының ықпалымен жүзеге асырылып жатқанын айтуымызға болады. Сондай-ақ, баһадүр бабаға арналған «Қарасай батыр» экспедиция жұмыстарын да ерекше атап өтсек те болады. Оның басы-қасында жүрген, әрі осы зерттеу жұмыстарына мұрындық болған академик-жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының да еңбегі зор. Сол кісінің бастамасымен бүгінгі таңда біраз жүйелі істер атқарылып жатыр. Соған орай кейбір өңірдегі жоғарғы оқу орнының жанынан құрылған ғылыми-зерттеу орталықтың қызметкерлерінен, қоғам белсенділерінен, тарихшылардан арнайы делегациялық топ жасақталған. Олардың мақсаты батыр бабамыздың туған жеріне саяхат жұмыстарын жүргізу арқылы тың деректерге көз жеткізу. Солардың бір тобы осы аптада ауданымызға арнайы іс-сапармен келді. Аудан әкімінің орынбасары Күлжан Дүйсенова құрметті қонақтарды қарсы алып, Қарасай жерінің мәдени орталықтарын таныстырды.
Киелі Қарасай жеріне әдейі ат басын бұрып келген құрметті қонақтар алдымен Наурызбай батыр ескерткішіне барып, тағзым етуді жөн санады. Одан кейін Елбасымыздың балалық балдәуренінен сыр шертетін Қаскелең қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайын аралып, сол ғимараттың символына айналған көптеген құнды жәдігерлермен жақынырақ танысты. Сондай-ақ, қонақтар алтын уақыттарын басқа да маңызы бар жерлерге баруға арнады. Нақты айтқанда, Елбасымызды дүниеге әкелген Әбіш ата мен Әлжан анамыздың басына барып, Құран бағыштап, сауапты іс жасады десек артық болмас.
Осылайша арнайы іс-сапармен келген қонақтарымыз Қарасай бабамыздың кіндік қаны тамған өлкемен танысып, тағылымы мол мағлұматтарға көз жеткізді. Олар алдағы уақытта жоспарланған «Қарасай батырдың туғанына – 420 жыл» ғылыми-конференцияның қалай өткізілуін, оның маңыздылығын көпшілікпен бөлісті.
Иә,ұрпақтар сабақ-тастығын жалғайтын мұндай батыр тұлғаларға арналған іс-шаралар көптеп ұйымдастырылуы, әрі олардың ерлікке толы өшпес өмір жолы келешек жастарға дәріптелуі өте орынды.
Дидар МУХАМАДИЕВ.

Об авторе: naqtygazeti

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

© 2026 "Naqty" газеті ("Заман жаршысы" газеті)
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru