Бүгін Қарасай ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 28 қазанда Қазақстан халқына жариялаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген басым бағыттарды түсіндіруге арналған кездесу өтуде.
Президент Жолдауында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамытуға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, елімізде сегіз заманауи перинаталдық орталық пен жеті көпбейінді балалар ауруханасын салу жоспарланған. Олардың қатарында Қаскелең қаласы да бар. Бұл бастама аудан тұрғындары үшін балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ
Сонымен қатар Мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту, медицина қызметкерлерін қолдау, медициналық қызмет сапасын арттыру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту міндеттерін атап өтті.
Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – Президент бастамаларының мәні мен маңызын түсіндіру, олардың өңірлерді дамытудағы рөлін талқылау және сала мамандарының көкейдегі сұрақтарына жауап беру.
Жиынға арнайы шақырылған спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Қайырхан Серікұлы Тұтқышбаев, «Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Арман Серікұлы Жансенгіров және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұрсұлтан Жұмабайұлы Орынбасаров бар.
Сонымен қатар кездесуге ауданның денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысуда.
Басқосу барысында Жолдауда көтерілген міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу жоспарланған.
ҚАСКЕЛЕҢДА КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ САЛЫНАДЫ: ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНАДЫ
Главная » Жаңалықтар » "Әділет" партиясы » ҚАСКЕЛЕҢДА КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ САЛЫНАДЫ: ЖОЛДАУДАҒЫ МІНДЕТТЕР ТАЛҚЫЛАНАДЫ

