Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасында «Зерделі ұлт және кітап оқу мәдениеті: жаңа міндеттер мен басымдықтар» тақырыбында зияткерлік алаң өтті.
Аталған маңызды басқосуға Қарасай ауданынан да кітапхана саласының өкілдері қатысып, өңірдегі кітап оқу мәдениетін дамыту, оқырмандар қатарын көбейту және кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында «Зерделі ұлт» тұжырымдамасының негізгі бағыттары, кітап оқуды кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және кітапханалардың ағартушылық қызметін жетілдіру жолдары сөз болды.

