Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Қайрат Алтынбековтың «Баспана Хит» жайындағы үш тезисі
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Қайрат Алтынбековтың «Баспана  Хит» жайындағы үш тезисі
11:00, 09 ноября 2018

Қайрат Алтынбековтың «Баспана Хит» жайындағы үш тезисі

«Баспана Хит» расымен де хитке айналды. «Баспана» ипотекалық ұйымының колл-орталығы күн сайын жүздеген қоңырау қабылдайды, әлеуметтік желілер және сайттағы кері байланыс түрі арқылы келіп жатқан сұрақтар легі толастар емес.
«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша қазақстандықтарды барынша қызықтырған сұрақтарды бір шолып өтіп, ипотекалық ұйым басшысы Қайрат Алтынбеков бар ойын үш тезиске сиғызды.
1. Жаңа да, ескі үй де жарайды
Иә, дәл осылай. «Баспана Хит» жаңадан салынған үйді де, қолданыста болған, бұрын салынған үйді де иеленуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, егер Сіз пәтерді жаңа салынған үйлер нарығынан сатып алғыңыз келсе және басыңызда тіркелген үй болмаса «7-20-25» бағдарламасына назар аударуға кеңес берер едім. Ал, атыңызда үй болса, онда Сіз «7-20-25-ке» қатыса алмайсыз. «Баспана Хит» бағдарламасында мұндай шарт жоқ, меншігіңізде пәтер бола тұра жаңа үйге де, бұрын салынған тұрғын үйге де ипотека алуға болады. «Баспана Хиттың» жалғыз ғана шектеуі – өтелмеген басқа ипотекалық кредитіңіз болмауы тиіс.
2. Клиент үшін пайыз үстемесі өзгермейді
Қазір «Баспана Хит» бағдарламасының номиналды үстемесі жылына 11%-ды құрайды. Үстеме Ұлттық банкінің базалық ставкасына тікелей байланысты, тек оған 1,75 пайыз қосылады. Бүгінгі күні Ұлттық банкінің базалық ставкасы 9,25%-ды құрайды. Демек, соған 1,75%-ды қосамыз да, 11% мөлшеріндегі қорытынды үстемені аламыз. Мысалы, егер ертең Ұлттық банктің базалық пайыздық мөлшерлемесі алты пайызға түссе, Баспана Хиттың жылдық пайызы 7,25%-ды құрар еді. Мұндай жағдайда бізге мынадай сұрақтар көп түсуде, азаматтар «Баспана Хит бойынша несие алып қойғаннан кейін оны өтеу барысында жылдық пайыздық мөлшерлеме өзгеріп кетпей ме», деп алаңдап жатады. Жоқ, шарт жасалған кезде көрсетілген мөлшерлеме сол ипотека төленіп біткенше өзгермейді.
3. «Баспана Хит» бойынша ипотекалық несиені қайдан алуға болады.
Бүгінгі күні біз «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі бес банкпен қосымша келісімге отырдық. Олар «Цеснабанк», «Халық банк», «ЦентрКредит», «BankRBK» және «Еуразиялық банк». Жуырда тағы екі банк қосылады деп отырмыз. Осылайша Қазақстанның жеті ірі банкі сіздерге «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша ипотека беруге дайын.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru