Notice: Trying to access array offset on value of type null in /var/www/vhosts/karasayinfo.kz/naqtygazeti.kz/wp-content/themes/justgoodnews/admin/titan-framework/lib/class-admin-page.php on line 78

Газета "Naqty" ("Заман жаршысы"). Айналма жолдың құрылысы неге тоқтап тұр?
Четверг, 27 августа 2026   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Айналма жолдың құрылысы неге тоқтап тұр?
11:03, 25 декабря 2023

Айналма жолдың құрылысы неге тоқтап тұр?

Тоғыз жолдың торабы болып саналатын Жібек жолы ауылындағы теміржолдың өткелінде автокөліктер үшін айналма жолды салу шешімі қабылданған. Анығын айтқанда, «Шамалған бекетін айналып өтіп, РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» 2453-2446 шақырым аралығындағы (42-49 шақырым) «Республикалық маңызы бар автомобиль жолын жаңарту» жобасы іске асырылуда. Осыдан бірнеше ай бұрын ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың Алматы облысындағы жұмыс сапары барысында жыл соңына дейін айналма жолдың бір бөлігін іске қосуды тапсырған болатын. Жақында қарқынды түрде жалғасын тауып жатқан құрылыс жұмыстары тоқтап қалды. Оның себебін «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы Алматы облысы филиалының бөлім басшысы Ринат Кабышевтен білуді жөн деп санадық.
Ринат Мұхтарұлының айтуынша, қазіргі таңда 42-49 шақырымындағы аралығындағы «Шамалған бекетін айналып өту» жобасын іске асыру жұмыстары 70 пайызға орындалған. Асфальт жабындысының екі қабаты төселген, су құбырларын монтаждау бойынша жұмыстар 95%-ға аяқталып, эстакаданының құрылысы толықтай біткен. Дегенмен жоспарға сай жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының тоқтауына ауа райының күрт суып, қалың қар түсуі себеп болған. Өйткені, жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережесіне сәйкес техникалық көліктерді көпірдің үстіне шығару өте қауіпті. Сонымен қатар, қажетті материалдарды тасу мүмкіндігі болмай тұр.
«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының өкілі берген мәліметке сүйенсек, құрылыс жұмыстарының тоқтауы уақытша. Қажетті қаражат бөлінген, ауа райының қолайсыздығынан басқа кедергі жоқ деп сендірді. Оның айтуынша, айналма жолдың жөндеу шамамен мамыр айында қайта жанданбақ. Ал, аяқтау мерзімі 2024 жылдың тамыз айына жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Тодини Коструциони Дженерали С. П. А.» АҚ / «СП Сине Мидас Строй»ЖШС консорциумы қол қусырып қарап отырмай, келер жылға құрылысқа қажетті барлық жабдықтарды дайындау үстінде екен. Атап айтқанда, 2024 жылы жолдарды реттеу белгілері толық көлемде, сыртқы жарықтандыру тіректері мен шамдары қойылып, қисық сызықты ағаш әкелінеді және инертті материалдар (қиыршық тас, құм, ПГС) дайындалады. Сонымен қатар, 4,91 км жабынның төменгі қабатын орнату, жалпы ұзындығы 6,01 км жабынының жоғарғы қабатын орнату және жол объектісін жайластыру бойынша жұмыстар орындалады.
Сонымен қатар, құрылысты аяқтау мерзімін күтпей-ақ, айналма жолдың бір жолағын қолданысқа беру жоспарда бар екен.
Бұрым ОРЫНБАСАР.

Об авторе: naqtygazeti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2026 Газета "Naqty" ("Заман жаршысы")
Дизайн и поддержка: GoodwinPress.ru