«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Шамалған ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында ауыл аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар мен көшелер абаттандырылды. Тазалық – баршаға ортақ міндет. Туған жеріміздің көркеюіне үлес қосып, ауылымызды таза әрі көрікті ұстауға шақырамыз!
Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Цифрландыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттырып, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және экономика салаларының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Жасанды интеллектіні дамыту – инновациялық технологияларды енгізудің, еңбек өнімділігін арттырудың және еліміздің цифрлық әлеуетін нығайтудың маңызды бағыты.
Алмалыбақ ауылының елді мекен шегіне жаңадан қосылған тұрғын алабындағы ұзындығы 1,8 шақырымды құрайтын көшеге асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Аталған мәселе тұрғындар тарапынан көтеріліп, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлы Естеновтің қолдауымен оң шешімін тапты. Жол жұмыстары ауданның автомобиль жолдары және қоғамдық көлік саласына жауапты мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен жүзеге асырылды. Жалпы, биыл Ұмтыл ауылдық округінде жол инфрақұрылымын …
Алматы облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік құралдарына жалған және қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін орнату мен пайдаланудың алдын алу мақсатында «Жалған нөмір» профилактикалық, іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің заңдылғы тексеріліп, анықталған құқық бұзушылықтардың, жолын кесу бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, жүргізушілерге қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілуде.
Қарасай ауданы Жастар ресурстық орталығында «Шамшырақ» жас ұстаздар хабының 2027 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Жиын барысында хабтың алдағы кезеңдегі негізгі бағыттары айқындалып, жоспарланған іс-шаралар мен бастамалар сараланды. Сонымен қатар, жас ұстаздардың кәсіби дамуын қолдау, тәжірибе алмасу және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар әзірленді. Алдағы уақытта аталған жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарлануда.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Райымбек ауылдық округі бойынша санитарлық-тазалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында округке қарасты елді мекендерде қоғамдық орындар мен көше бойларында тазалық жұмыстары жүргізіліп, аумақтар қоқыстан тазартылды. Ауылдық округ аумағын абаттандыру және санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Тоққожаұлының кезекті халықпен кездесуінде «Асыл Арман» тұрғындары тарапынан қоғамдық көлік аялдамасы, жаяу жүргіншілер жолы және жол сапасына қатысты ұсыныстар айтылған болатын. Тұрғындардың өтініштері ескеріліп, аялдама жаңартылып қана қоймай, Бисембаев көшесіне дейін толықтай жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынды. Сонымен қатар, аталған бағыт бойынша жаңа асфальт жабындысы төселіп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына …
Бүгін жастар саясаты бағытында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында SDU университетінде студенттермен «Жастар арасындағы этносаралық келісім және нашақорлықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында этносаралық татулық пен келісімді нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс-шара барысында студенттерге қоғамдағы өзара сыйластық пен келісімнің …
«Бір экспонат сыры» айдарында — ел тарихында ерекше орын алатын «Қазақ елі» монументі. Тәуелсіздік тарихын айшықтайтын «Қазақ елі» кешені — ел рухы мен ұлттық бірліктің символы. Қазақстанның символына айналған құнды жәдігерлер мен нысандардың тарихын “Атамекен” орталығы арқылы танысыңыздар!
Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі. Заманауи технологияларды тиімді пайдалану қызмет көрсету сапасын арттырып, уақытты үнемдеуге және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жасанды интеллект – білім, ғылым, бизнес және мемлекеттік қызмет салаларында жаңа мүмкіндіктер қалыптастыратын инновациялық құрал.










