Наурыз мерекесі күні – қасиетті күн. Бұл – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, …
Тіршілік атаулыға жылылық әкелетін молшылықты Наурыз мейрамын Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі де кең ауқымда атап өтті. Мерекелік іс-шара ауылға қонаққа келген сал-серілерді қарсы алумен басталып, сахнаға шыққан Қыдыр баба көрінісімен жалғасын тапты. Наурыз тойына аудандық білім бөлімінің бас мамандары Б.Абишева және А.Еркинбаева, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, ұлағатты ұстаз Ақлима Рахымбердіқызы, Жамбыл округі …
«Ай-Ару» балабақшасындағы биылғы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі дәстүрлі түрде өз деңгейінде жақсы аталып өтілді. Балабақшадағы «Балдәурен», «Балдырған», «Айналайын» сияқты топтар белсенді түрде атсалысып, «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілікті ойдағыдай, әрі қызықты өткізе білді. Бүлдіршіндерге ұлттық ойындар мен салт-дәстүрді насихаттау мақсатында «арқан тарту», «асық ату», «бесікке салу», «тұсау кесу» сияқты игі дәстүрлер …
Ұлық мерекенің тағы бір тамаша тойлануы Қаскелең қаласы Әйтей батыр көшесіндегі көршілер арасында да көрініс тауып, ынтымақ пен берекенің нышанын айқындайтын дәстүрлі мейрам өз деңгейінде атқарылды. Аталған көшедегі 15 үйдің тұрғыны мерекелік дастархан жайып, ұлық мейрамның көркін көше бойына кіргізе білді.Бірлігі жарасқан көршілер қауымы әз Наурызды тойлау барысында бір-біріне деген ақ тілектерін ақтарып, жүрекжарды лебіздерін …
Ауданымызда наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралардың легі әр жерде де жақсы жалғасты. Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы ерекше жиынның бірін «Еламан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Қарлығаш» балабақшасы да ұйымдастарыпты. Күлімдеген көктеммен бірге қазақ даласына келген жаңа жылға арналған концерттік бағдарламаларды тамашалауға бөбекжай әкімшілігі ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі жандарды арнайы шақыртқан екен. Осындай ізгілікті басқосуды өткізу туралы бастаманы …
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында нұротандықтар, #наурызchallenge акциясы аясында, қайырымды іс жасап, көпке үлгі болды десек те болады. Нақтырақ айтатын болсақ, аудандық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақшолпан Қайратқызы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен 100 жастан асқан әжелерімізді ардақтап, аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Жандарбек Далабаевтың атынан әз Наурыз мерекесімен құттықтады. Қадірлі қарияларға …
Қазақстан Республикасының Қаржы секторында салық органдарының қызметі ерекше. Мемлекет қазынасының толықтығы – жалақының және зейнетақының уақтылы төленуінің, балабақша, мектеп және аурухананың көптеп салынуының, қала мен ауылды сәулеттендіріп көркейтудің кепілі. Сондықтан «Салық – өркениетті және мәдениетті мемлекетте өмір сүрудің өтемі» деген сөз бекер айтылмаса керек. Салық қызметінің басты мақсатының бірі, әрине, ең алдымен салық төлеушілерге қолайлы …
Биыл Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің 4 кезеңі бекітілді. Енді болашақ түлектер ҰБТ-ны 4 рет тапсырып, ең үздік нәтижесін жоғарғы оқу орнына түсу үшін пайдалана алады. Білім министрлігі, мұндай бастама абитуриенттердің жоғарғы білім ордасына түсу мүмкіндігін арттырады деп отыр. Алғашқы ҰБТ-ны қаңтарда тапсырады. Тестілеудің екінші кезеңі наурызда өтеді. Үшінші және негізгісі – …
Аудан әкімі Жандарбек Далабаев Іргелі ауылдық округі әкімі лауазымына үміткер азаматтарды таныстырды. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы №148 заңның 36-1 бабына сәйкес Іргелі ауылдық округінің әкімі Қадырбек Атшабаровтың өкілеттік мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, Қарасай аудандық сайлау комиссиясы аталмыш әкімдікке жаңадан сайлауды 2019 жылдың 17 сәуіріне тағайындау туралы шешім шығарды. Бұл …
Рад тому, что главный город страны носит имя нашего Елбасы – Нурсултана Абишевича Назарбаева, который стоял у истоков его возрождения, который более 20-ти лет назад принял решение о том, чтобы перенести столицу из Алматы в Акмолу. Само слово Нур-Султан несет в себе и свет, и мощь. Вместе с тем такое решение – это дань признательности …