Форумға 55 мыңға жуық партия мүшесін біріктіріп отырған 155 бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты, деп хабарлайды облыстық AMANAT партиясының баспасөз қызметі. Қонаевта өткен жиында бастауыш ұйым төрағалары тұрғындардың мәселесін шешудегі тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымның жұмысын жандыру жолдарын талқылады. 💬«Бастауыш ұйымдар – партиямыздың негізгі қозғаушы күші. Саяси өзгерістердің бел ортасында бастауыш партия ұйымдарының қолдауларың ерекше сезіндік. Бүгінде …
ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімінің үйлестіруімен ағымдағы жылдың ақпан айының 23 күні Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Теориялық оқу жатығуы барысында мемлекеттік органдардың терроризм актісі орын алған жағдайдағы іс-әрекеті пысықталды. Оқу жаттығуы соңында мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операция жүргізуді регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу деңгейін тексеру мақсатында …
Жас патриотты тәрбиелеу мектеп қабырғасынан басталады. Осы аптада ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының Ақжар ықшамауданындағы техникалық және кәсіби даярлау бөлімінде өткен «Ашық есік күні» соның нақты дәлелі. Өйткені, аталған шараның өтуіне Қарасай ауданының К.Ушинский атындағы орта мектебінің ұстаздары ұйытқы болды. – Біздің аудан көрші қырғыз елімен арадағы …
Қаскелеңдегі «Қарлығаш» деп аталатын көп қабатты тұрғын күй кешенінің халқы коммуналдық қызметке қатысты әлі де базынасын айтудан жалыққан емес. Пәтер иелері ыстық судың жоқтығынан бөлек сервистік қызмет көрсетуші компанияның жұмысына да шағымдарын жиі айтуда. Шыдамы таусылған тұрғындар бүгінгі таңда аудандық әкімдіктен көмек сұрайды. Халықты алаңдатқан мәселенің мән-жайын ескере келе, біз де өз тарапымыздан әкімдіктегі коммуналдық …
Еліміздегі өткір мәселелердің бірі – кейінгі жылдары көбейіп келе жатқан отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары. Ресми деректерге сүйенсек, мемлекетімізде былтырғы жылы балаларға қарсы екі жарым мыңнан астам қылмыс жасалып, тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы 100 мыңға жуық арыз түскен. Ал айдың күннің аманында 69 әйел мен жеті бала жер жастанған екен. Бұдан бөлек жыл сайын балаларды тәрбиелеу және оқыту …
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Әйтей ауылдық округінде әкім сайлауы өтті. Нәтижесінде үміткерлердің ішінде 2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін округ басшысы болған Жарқын Қатубаев жергілікті халықтың сеніміне ие болып, ең көп дауыс жинады. Сайлау қорытындысына сәйкес, сондай-ақ аудан әкімінің арнайы өкімімен Жарқын Қанатұлы 20 ақпаннан бастап Әйтей ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды. Осылайша ол бұрынғы …
Өткен аптада Қаскелең қаласындағы SDU университетінің жиынжайында «Ономастика саласы бойынша ізденіс пен тәжірибе» атты семинар болып өтті. Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған алқалы басқосуға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті ономастикалық жұмыс басқармасының басшысы Елерке Төрехан, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы …
В селе Шамалган, в спорткомплексе «Úshqońyr», состоялась областная спартакиада среди сотрудников подразделений, относящихся к Управлению культуры, архивов и документации Алматинской области. Начиналась она еще при единой Алматинской области и проводится вот уже в восьмой раз. В спартакиаде приняли участие 10 команд – в общей сложности порядка 350 человек. Они представляли областной центр – город Конаев, …
Осы аптада Қаскелең гуманитарлық-техникалық колледжінің ғимаратында Алматы облыстық әдістемелік орталығы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мен аталған колледж ұжымының бірлесе ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және білікті маман даярлау жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Алқалы басқосуға еліміздегі осы салада еңбек ететін ұстаздар қауымымен бірге, Ресей, Өзбекстан және …