Сөзі салмақты ұлылар ізін жалғаған ақын Мен осы ауылданмын, Өлең жазу дертімен ауырғанмын. Қарасаздың қуалап толқындарын, Нөсеріне шомылғам жауындардың. Мен осы аймақтанмын, Талай-талай адасқам, ай батқан түн. Мен –осы Қарасаздың перзентімін, Шаруам жоқ, болса да қай жақтан кім?!, – деп жырлаған Шеризатттай ақын ағамыз жырға толы күндері мен түндерінің құшағында. Қастерлі қаламын қалғытпай, адам, қоғам, …
2023 жылдың 1 қарашасынан бастап Кеген ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып Әбділда Жасұлан Ерланұлы тағайындалды. Әбділда Жасұлан Ерланұлы 1993 жылы 8 қарашада Алматы облысы Бөлексаз ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Жерді баптау және қорғау» мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 2016 жы Райымбек ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» …
Кеген ауданындағы Қарқара жайлауының шөбі шүйгін. Өріске сән берген төрт түлік мал жетерлік. Жалпы, өткен ғасырда әйгілі Қарқара көтерілісі тұтанған, Ереуілтөбесінде еңселі ескерткіші орнатылған, халықаралық маңызы бар Қарқара жәрмеңкесінің орны қалған, Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен өңірге толқымай, толғанбай қадам басу мүмкін емес. Тарихтың өзі мен көзіндей өлке. Бұл хан жайлау Жел Қарқара, Құр …
Кеген ауданының орталығы жыл өткен сайын жағдайын жақсартып, көркіне көрік қосып, жаңа тұрғын жайлармен іргесін кеңітіп келеді. Біз сөз еткелі отырған кейіпкеріміз Кеген ауылдық округі әкімі Руслан Масеновтей азамат басқаратын ауылда игілікті шаруалар аз емес. Бүгінде «Кеген ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 10 мемлекеттік қызметкер, 5 техникалық қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар ауылдық округке …
Бұдан бес жыл бұрын аудан орталығында 1200 орынға арналған мектеп пайдалануға берілген еді. 60 оқу кабинеті, 47 интерактивті тақта, екі кітапхана, 230 орындық асханасы бар білім ғимараты заманауи үлгімен салынған, бөлмелері кең де жарық. «Ұзынағаш ауылындағы орта мектебі» атты білім ұясында жуырда тәжірибе алмасу алаңы өтті. Аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Салтанат Әденованың жетекшілігімен аудандағы мектеп …
Қарашаның 5-і, жексенбі күні елімізде қанатқақты жоба бойынша бірнеше аудан әкімдерінің сайлауы өтті. Сайлау жүйесін жетілдіру мақсатындағы саяси науқан Қазақстанның 45 ауданын қамтыды. Пилоттық жобаны іске асыруға Алматы облысында екі аудан –Балқаш және Жамбыл аудандары таңдалған болатын. Әкім сайлауы өткізілген сол 45 ауданның, нақтылай кетсек 42 аудан мен 3 қаланың ішінде сайлаушысының саны ең көбі …
Қарашаның 5-інде облыстағы әкім сайлауы өткен екі ауданның бірі – Жамбыл ауданы. Алматы іргесіндегі үлкен ауданның әкімі болуға үш үміткер тіркелген еді. Олар – Базарбаев Жанғали Мұратбекұлы, Ертас Нұрлан Ертасұлы және Шортанбаев Ғани Мұқанұлы. Бұл кандидаттар алдын ала өздерінің сайлауалды бағдарламаларын жариялап, саяси шарада жеңіп шығу үшін сайлау заңнамасына сай тиісті жұмыстар жүргізген болатын. Жамбыл …
Ғасырға жуық ғұмыры бар ауданның әрбір өркендеу мен өрлеуі жолында қаншама азамат маңдай терін төкті. Кешегі Кеңестік кезеңнен бастап, егеменді ел атанған бүгінге дейін қажырлы қызмет еткен алдыңғы аға буынның еңбегі ұшан-теңіз. Өмірінің отыз жылға жуық уақытын мемлекеттік қызметке арнаған Клавдия Хегай да солардың бірі. Әріптестері мен жақындарының арасында әрқашан өз ісіне адал, еңбекқор, жарқын …
Со 2 по 7 ноября текущего года в селе Шамалган, в спорткомплексе «USHQONYR», проходил второй юношеский республиканский турнир по боксу «USHQONYR CUP» среди юношей 2010-2011 годов рождения. В нем приняли участие 10 команд, в состав которых вошли 256 юных спортсменов, приехавших из разных уголков Казахстана. В частности, кроме боксеров от Алматинской области, были представлены команды …
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы шеңберінде 2024-2027 жылдар аралығында Қарасай ауданындағы 13 елді мекеннің тұрғындары сымды және сымсыз интернетке тегін қосыла алады. Осы және өзге ғаламтор желісі мен байланыс бойынша мәселелер аудандық әкімдікте өткен жиында талқыланды. Аталған жоба аясында толық ақпарат беру үшін Алматы облысы технологиялар басқармасының байланыс және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бөлімінің басшысы Айгүл Бекетова …